5) депутаттық əдеп қағидаларын бұзуға болмайтынын назарына салады;
6) Құрылтай Төрағасына материалдарды Орталық сайлау комиссиясына беру туралы ұсыным енгізеді;
7) депутаттар депутаттық əдеп қағидаларын бұзған жағдайда, оларға жазалау шараларын қолдану жөнінде Құрылтай Төрағасына ұсыныс енгізеді;
8) өз қызметі барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.
4. Депутаттық əдеп жөніндегі кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Депутаттық əдеп жөніндегі кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
5. Депутаттық əдеп жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастырудың өзге де мəселелері Құрылтай Регламенті арқылы шешіледі.
11-тарау. ҚҰРЫЛТАЙ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
57-бап. Құрылтай қызметін қаржыландыру
Құрылтай қызметі республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады.
1. Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органы ретінде Құрылтайдың қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық жəне өзге де жағынан оның Аппараты қамтамасыз етеді.
2. Құрылтай Аппаратының штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен айқындалады. Құрылтай Аппаратының құрылымын Құрылтай Бюросы айқындайды.
3. Құрылтай Аппаратының қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
4. Құрылтай өкілеттігі мерзімдерінің аяқталуына байланысты Құрылтай таратылған жəне жоғары өкілді орган депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайда Аппараттағы мемлекеттік қызметшілердің қызметі тоқтатылмайды.
5. Құрылтай Аппаратының қызметкерлері мəртебесі, жалақы мөлшері мен деңгейі, материалдық, қаржылық жəне əлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге де жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тиісті қызметкерлеріне теңестіріледі.
12-тарау. ӨТПЕЛІ ЖƏНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
59-бап. Өтпелі ережелер
1. Құрылтай - Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық мирасқоры.
2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжілісіне енгізілген заң жобаларын Құрылтай осы Конституциялық заңға жəне Құрылтайдың Регламентіне сəйкес қарайды.
3. Құрылтай Аппараты - Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Аппаратының құқықтық мирасқоры. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Аппараты Құрылтай Аппараты қалыптастырылғанға дейін өз қызметін жалғастырады.
60-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тəртібi
1. Осы Конституциялық заң 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) «Қазақстан Республикасының Парламенті жəне оның депутаттарының мəртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының;
2) «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 5 маусым
№ 297-VIII ҚРЗ